Достар, блогтар байқауына өтініш қабылдау мерзімі аяқталса да, оған қатысуға ниет білдірушілер саны толастар емес. Айтайын дегенім, біріншіден, байқау ережесі бойынша байқауға тіркелу наурыздың 8-і күні аяқталып қойды.
Блогкэмпта техникалық презентация, мастер-класс жасаймын дегендер осында өз пікірлерін жазса деймін. Асхат техникалық тақырыптарға арнап, бөлек зал сұрамақшы. Мұндай тақырып жүргізетіндер көп пе соны анықтау керек болып тұр.
Достар, блогкэмп таяп келеді. Онымен қоса қазақ блогтары арасында үздіктердің анықталатын күні де жақын.
Осыған орай, блогтар байқауының бірінші кезеңінің аяқталғанын хабарлағым келеді. Яғни, блогтар бәйгесіне қатысуға ниет білдірген блогшылардың тізімі анықталды. Енді байқау шарты бойынша бүгіннен бастап, сіздерге (блогкэмп қатысушыларына) олармен танысуға мүмкіндік жасалып отыр.
Барлықтарыңызды байқауға белсенді қатысуға шақырам. Белсенді болу дегеніміз… байқауда бар-жоғы сегіз ғана номинация. Әрбір номинация бойынша өздеріңіздің таңдауларыңызды анықтап қойсаңыздар. Блогкэмп болатын күні яғни, наурыздың 19-ы күні сіздерге кішігірім анкета ұсынылады. Сонда өз таңдауларыңызды белгілесеңіздер – алғысымыз шексіз!
Уә аса құрметті һәм қадірменді алматылық блогшылар, блогшылардың басқа қалалардан келген блогшы дос-таныс-туыстары және жалпы Блогкемпке алыс-жақыннан көз тастап жүрген қауым!
Ертең, яғни 26 ақпан күні /сенбі/ саған 18.30-да кезекті минибарымыз атышулы Арбатты «City» кафесінде өтетінін алдын-ала хабарлағым келеді.
Құрылтайға ешкімді шақырмайтынымызды білемін ғой. Десе де қазіргі қағазбастылық заманда кейбір кісілерге виза үшін, жұмыстан сұрану үшін т.с.с. жағдаяттарға орай Ресми шақырту керек болса, алдын ала хабар берулеріңізді өтінемін.
пысы. Егер дайын мәтіндеріңіз болса, оны да қоса тіркеп, поштама жібере салыңыздар. Рахмет!
Жұма күні KIMEP-тегілермен кездесеміз деп уәделескенбіз. Олар Блог құрылтайға арнап 7 аудитория бөлінгенін айтты. Сосын кофе-брейк үстелдерін шайға арналға дастарханды қайда қоямыз жаямыз, оған удленитель қайдан аламыз үлкен шәйнекті қалай қайнатамыз, баннерді қайда ілу керек, оны кім, қалай іледі, қабырғаға плакат жабыстыру үшін кімнен рұқсат алу керек, аудиториядағы комптардың паролін кім береді, инет қосатын болсақ оны кіммен нақтылаймыз т.с.с. елене бермейтін бірақ маңызды жайттарды талқыладық.
Өткен жұма күні Dabai Kerekinfo болмай тұрған кезде Мақпалдың жазып алып, әзірлеген үнхабары.
Ескерту: Арнайы еш дайындықсыз жазылды.
Неге тіркелу керек?
Қандай тақырыпта презентация жасаған дұрыс
Құрылтайда ақша жоғалтып алсаң не істейсің
Блог Байқауға қатысыңдар!
т.с.с. тақырыптарды түртіп өтеміз.
Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;
БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.
Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.
Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.
Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз.
Сенбі күнгі кездесуге Салтанат, Қалдықыз, Мақпал, Балжан, Мейіргүлдер бауырсақ, тәтті-пәттілерін әкеп, әдемі дастархан жасады. Шай үстінде Қарасақал, Теріскей, Қисық, Patick, Жалғас, Мырзабек бар бәріміз алдағы жоспарларымызды пысықтадық.
KIMEP-тен ресми хат келді. Яғни, өткізетін орын нақты деген сөз. GSM Kazakhstan демеушілік жөніндегі ұсынысты қарастырып жатыр. Ең болмаса, кофе-брейктерді көтерер деп үміттеніп отырмын.